Денис Тенге «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылды
Алматыда өтіп жатқан қоғамдық кеңес отырысында қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге «Халық қаhарманы» атағын беру ұсынылды, - деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Денис Тенге «Халық қаhарманы» атағын беруді ұсынамын. Шын мәнінде, ол полицейлер істеуі тиіс әрекетті жасады - қылмыскерлерді ұстады. Ол өзін қорғады, әділдік үшін күресті, ереже бұзушыларды тоқтатуға тырысты. Сол себепті қаза болды. Сондықтан оған бірінші кезекте қолдан келетіні - «Халық қаhарманы» атағын беру» , - деді алматылық тұрғын Әлнұр Ильяшев.

Алматы қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов та бұл бастаманы қолдайтынын айтты.

"Бұл қылмыс бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Спорт кешеніне Денис Теннің есімін беру мәселесі де қарастырылып жатыр", - деді Рахман Алшанов.