русский язык

Акмаль Бахтияров клубтан кетіп қалғаны үшін жазалануы мүмкін

Акмаль Бахтияров клубтан кетіп қалғаны үшін жазалануы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздің ең талантты жас ойыншыларының бірі Акмаль Бахтияров маусым айының соңында өз еркімен «Қайраттан» кетіп қалған болатын, деп жазады prosports.kz.

Сол кезде алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген еді. Әрі футболшының клубпен 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды келісімшарты бар екенін алға тартқан.

Алайда, футболшының клубтан кеткені шындық болатын. Ол агентінің уәдесіне сеніп, өзіне лайықты команда іздеп көрген. Осы оқиғаға байланысты бүгін «Қайраттың» баспасөз қызметі тағы мәлімдеме жасады.

- Ағымдағы жылдың маусым айының соңында «Қайрат А» командасының ойыншысы Бахтияров Ақмал клубпен келісімшарты болғанына қарамастан, клубтың орналасқан жерінен өз еркімен кетіп қалды. Бұған агентінің жақсы команда тауып бермекші болған уәдесі әсер еткені сөзсіз.

Мұндай әрекеттер ұзақ уақытқа дейін дисквалификацияға алып келуі немесе ойыншының мансабына кері әсер етуі мүмкін екенін ескере отырып, «Қайрат» ФК оны қайтару үшін барлық мүмкін шараларды қолға алды. Осы мақсатта ойыншының клубтан кеткені туралы барлық ақпаратты жоққа шығарды. Алайда, бұның бәрі бекер болды. Футболшы үшін агентінің берген уәдесі бәрінен маңызды болды.

Құқықтарын қорғау үшін клуб Дауларды шешу Палатасына өтініш беруге мәжбүр болды. 24 шілдеде Дауларды шешу Палатасы (ПРС) ойыншыны дисквалификациялау және оған айыппұл салуға шешім қабылдады.

«Қайрат» футбол клубы өз тәрбиеленушісімен болған жағдайға өкініш білдіреді. Бірақ, өз құқықтарын және мүдделерін қорғау үшін заңмен көзделген барлық шараларды жалғастырады, - делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;