русский язык

Акмаль Бахтияров «Қайратта» қалмайды

Акмаль Бахтияров «Қайратта» қалмайды
news-banner7
mobile-news-top

prosports.kz сайтына белгілі болғанындай, еліміздің ең талантты жас ойыншыларының бірі Акмаль Бахтияров «Қайраттан» кетіп қалды.

Осыған дейін Бахтияровтың «Қайратпен» келісімшартын үзгені хабарланған еді. Алайда, алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Онда жазылуынша, футболшының клубпен 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды келісімшарты бар екен. Сол себепті, Акмаль әлі де «Қайраттың» ойыншысы саналады.

Клубтың ресми сайты осылай дегенімен, Prosports.kz тілшісі футболшының өзіне жаңа команда іздеу мүмкіндігін әлі де жоққа шығармайды. Өйткені, Бахтияровтың келісімшартында оның клубтан келісімде көрсетілген мерзімнен бұрын кетуіне жол беретін тармақ бар. Егер ол өзіне лайқты команда тауып жатса, жазғы трансферлік ауысым кезінде клубтан кетуіне болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;