Қазіргі бессайыстан Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

Қазіргі бессайыстан Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды

Қазіргі бессайыстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Беларусьтің Минск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр деп жазады Olympic.kz. 

Астанада қазіргі бессайыстан әлем кубогінің финалы өткен соң, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына тыңғылықты дайындықты бастап кетті. 

Бас бапкер Вадим Чудновскийдің айтуынша, Минскідегі жиыннан соң құрама спортшыларын тағы бір дайындық кезеңі күтіп тұр. 

«Алматыға оралған соң аздаған үзіліс алып, 14-28 тамыз аралығында Оңтүстік Корея құрамасымен бірге Сеулде жаттығамыз. Сеулден тікелей Джакарта қаласына ұшып кетуді жоспарлап отырмыз. Бессайысшылар бәсекесі 31 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Әзірге, бір медаль алсақ деген ойымыз бар. Азия ойындары олимпиадалық жүйе бойынша өтеді. Бұл жүйеде аралас эстафета жоқ», - дейді бас бапкер. 

Қазіргі бессайыстан Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі:

Павел Ильяшенко

Алена Потапенко

Влад Сухарев

Ардақ Ахидуллаева

Азия ойындары аяқталған соң Қазақстан құрамасы қысқарған құрамда Мехикода өтетін әлем чемпионатына аттанады. Ильяшенко мен Потапенко аралас эстафетада өнер көрсетпек. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или