Астанада Қазақстан Президенті кубогының ақтық сайысы өтті
Бүгін Астанада теннистен Қазақстан Президенті кубогының ақтық сайысы өтті.
<span>Әйелдер арасында Екатерина Горгодзе биылғы турнирдің үздігі болды. Грузиялық спортшы Финалда Сабина Шәріповамен кездесіп, өзбек қызынан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ал ерлер арасында бірінші орынды австриялық теннисші Себастьян Офнер иеленді.</span>
Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:
– Осы жарыс ең көп қатысушы қатысқан сайыс болды. Тарихта ешқашан мұндай болмаған. 1991 жылдан бері ұйымдастырылып жатыр. Биыл 270-тен астам қатысушы келді. Тек ер адамдар мен әйел адамдар арасында ғана емес, әуесқойлардың және 12 жасқа дейінгі балалардың арасында өтті. 25 мемлекеттен келіп отыр.
24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или