«Astana Arlans»-тың кезекті жеңісі!

«Астана Арландары» WSB додасы аясында «Mexico Guerreros» командасын қабылдады.

«Астана Арландары» «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде Мексика құрамасын ұтып, кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Алдымен, шаршы алаңға бірінші болып 49 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Мардан Берікбаев пен мексикандық Хосе Альберта Зера Рейес шықты. Қос боксшыда өте жылдам бокс көрсетті. Дегенмен, төрешілердің шешімен жеңісті біздің боксшымызға бұйырды – 1:0.

Келесі 56 келі салмақта Мейірболат Тоитов пен Серхио Чириньо Санчес жұдырықтасты. Жерлесіміз Санчесті бес раундтардың бірінде нокдаунға да құлатып үлгерді, артынша Серхио шабуылдап есесін қайтарғысы келді, алайда бұл жекпе-жекте де жеңісті қазақстандық боксшы тойлады – 2:0.

Кейін, қонақтар алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. 69 келіде 20-жасар мексикандық боксшы Кристиан Биельма отандасымыз Жәнібек Әжібайдан басым түсті. Тартысты өрбіген жекпе-жекте төрешілердің біреуі жеңісті Жәнібекке бұйырса, қалған екеуі Кристианға берді. Осылайша, жалпы есеп өзгерді – 2:1.

Артынша, 75 келі салмақта «Астана Арландарының» украиндық жұлдызы Сергей Деревянченко Диего де Хесус Морено Амадорды мерзімінен бұрын ұтты. Жекпе-жектің басталысымен Сергей Амадорды қыспаққа алып, бірнеше ауыр соққы жасады. Төртінші раундтың басында төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Сергей алаң қожайындарына жеңіс әперді– 3:1.

Ал соңғы кездесуде аса ауыр салмақ дәрежесінде жерлесіміз Василий Левит мексикандық Кристиан Демаемді техникалық нокаутпен жеңді. Төртінші раунд аяқталғаннан кейін қонақтардың командасы жекпе-жекті тоқтатуды сұрады. Осылайша, «Астана Арландары» Оңтүстік Американың «Mexico Guerreros» командасын – 4:1 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или