Теннің өліміне қатысты күдіктілердің желідегі өмірі
Полиция қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы <span>Денис Теннің өліміне қатысты екі күдіктіні тұтқындады, </span>деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылғы Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы мен <span>1994 жылы туған Жамбыл облысында туған Нұралы Қиясов ұсталған болатын. </span>
Полицияның айтуынша, екеуі де бұрын істі болған. «Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Арман Құдайбергенов Дениске екі рет пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған»,- делінген Ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.
Айта кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған.
Prosports.kz<span> тілшісі күдіктілердің әлеуметтік желідегі парақшаларын шолып шықты. Назарларыңызға фотоларды ұсынамыз.</span>

Күдікті жігіттің спортқа қызығушылығы бар екенін анық аңғаруға болады.











