Астана жұрты Денис Тенмен қоштасты

Астана жұрты Денис Тенмен қоштасты

Елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Денис Тенмен қоштасуға арналған азаматтық жаназа өтті, деп жазады «Астана» Президенттік клубының ресми сайты.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегерімен қоштасып, гүл шоқтарын қоюға келген астаналықтар таңнан бері мұз сарайына ағылуда. Азаматтық жаназаға жиналғандардың қарасы көп, олардың қатарында Данияр Елеусінов, Екатерина, Айдова, Денис Кузин секілді танымал спортшытал, Денистің достары да болды.

«Денис Тенді жеке танитынмын. Біз көп кездесіп, әңгімелесетінбіз. Ол өмірді сүйетін жылы жүзді жігіт еді. Ешқашан оның мұңайғанын немесе көңіл-күйі болмағанын көрген емеспін. Суыт хабарды естігенде, алғашқыда сенбедім. Ешкім де сенбеді деп ойлаймын. Өкінішке қарай, бұл ащы шындық екен. Біз өте дарынды спортшыны, керемет адамды жоғалттық. Ел үшін бұл орны толмас қайғы. Денистің ата-анасы мен туыстарына көңіл айтамын», - деді қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов журналистерге берген сұқбатында.

Атап өту керек, Денис Тенді еске алуға арналған азаматтық жаназа еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Ал спортшымен жер қойнына тапсыратын негізгі жаназа Алматыда өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или