Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

Полиция қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы <span>Денис Теннің өліміне қатысы бар болуы мүмкін екінші күдікті Арман Құдайбергенов ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты </span>деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

«2018 жылы 20 шілдеде Денис Теннің өліміне қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 1994 жылы туған Қызылорда облысы Қармақшы ауданы,  Ақай ауылының тумасы Құдайбергенов Арман Бөрібайұлы ұсталды. Қазір ол өзінің қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті Ақсай 2 шағын ауданында көшеден ұсталды», - деді Серік Күдебаев арнайы брифингте.

Полицияның айтуынша,  екеуі де бұрын істі болған. «Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Арман Құдайбергенов Дениске екі рет пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған»,- деді ол. 

Айта кетсек, Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или