Денис Тенді өлтірген қылмыскер жазасын мойындады

Денис Тенді өлтірген қылмыскер жазасын мойындады

Денис Тенді өлтіргендердің кім екені анықталған, біреуі ұсталды, екіншісін әлі іздеп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

<span>Полиция қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысы бар күдіктілердің бірін ұстады.<br /></span>

"Денис Тенді өлтіру дерегі бойынша жедел тергеу шаралары нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адамдардың кім екені анықталды", — деп хабарлады ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Екіншісін әлі іздеп жатыр. Тергеуге зияны тимес үшін басқа мәлімет жарияланбайды, деп хабарлады полиция.

Алматы прокуратурасы хабарлағандай, 1994 жылы туған К.Н ұсталды. Ол қылмыс жасағанын адвокаттың көзінше мойындады.

ÐÐµÐ½Ð¸Ñ Ð¢ÐµÐ½Ð½ÑÒ£ ÓлÑмÑне ÒаÑÑÑÑ Ð±Ð°Ñ ÐºÒ¯Ð´ÑкÑÑ

Денис Тен<span> </span>Алматыда 25 жасында көз жұмды. Түстен кейін үш кезінде Байсейітов және Құрманғазы көшелерінің қиылысындағы мейрамханадан шыққан ол көлігінің айнасын шешіп алғалы жатқан екі жігітті көреді. Оларды тоқтатуға ұмтылған Денис Тен жамбасынан пышақ жарақатын алған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады, 3 литр қан жоғалтқан Денис 17.30-да ауруханада жан тапсырды.

Спортшыны соңғы сапарға шығарып салу сенбі күні сағат 9.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или