Денис Тенді жерлеу рәсімін билік өз мойнына алады

Денис Тенді жерлеу рәсімін билік өз мойнына алады

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі Алматы әкімдігімен бірге Денис Теннің жерлеу рәсімін ұйымдастырады, деп хабарлайды prosports.kz сайты Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы әкімідігімен бірге Денистің ата-анасына көңіл айтуға барады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруды министрлік пен әкімдік мойнына алады, – деп хабарлады Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, ертең атақты спортшының жерлеу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болады. Болжам бойынша, сенбі 21 шілде күні өтуі тиіс.

<br /><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или