Мексикалық телеарна GGG-«Канело» кездесуіне арнап промо-ролик шығарды
WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексиканың боксшы Сауль Альварестің қыркүйек айында өтетін қарымта жекпе-жегін бокс жанкүйерлері асыға күтіп жүр, деп жазады prosports.kz.
Жақында Альварестің отаны Мексикадағы танымал телеарна <span>«</span>TV Azteca Bajio<span>» өзінің Twitter парақшасында GGG-«Канело» жекпе-жегі жайлы промо-ролик жариялап, кездесу өтер күнді күтіп жүргендерін жеткізді.</span>
- «Канело» мен «GGG» арасындағы қарымта кездесуді тамашалау үшін дайындалып жатырмыз, - деп жазды.
Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні таңертең Головкин Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile аренасында Саул Альвареспен екінші мәрте кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек HBO арнасында көрсетіледі.
¡Ya nos estamos frotando las manos para disfrutar de la segunda parte de la pelea entre @Canelo y @GGGBoxing! #HayTiro pic.twitter.com/iqm2DAWVLt
— TV Azteca Bajío (@aztecaBajio) 2018年7月18日
<br />