Күрес

Азия чемпионатының алғашқы күні балуандарымыз 4 медаль жеңіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Кеше Нью-Дели қаласында (Үндістан) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды prosports.kz.

Жарыстың бірінші күні бозкілемге шыққан грек-рим күресінің балуандары бес салмақта жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Жас балуандарымыз бұл сында ел қоржынына төрт қола медаль салды.

55 келі. Абдурахманов Арслан (Алматы обл)
63 келі. Әсембаев Тілек (Ақтөбе обл)
87 келі. Темірбек Санжар (Алматы обл)
130 келі. Савенко Антон(Павлодар)

Өкінішке орай, Дәулет Жалғасов (77келі) жүлделі орынан тыс қалды.

Айта кетейік, бүгін грек-рим күресіне қалған бес салмақта балуандарымыз бақтарын сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер