Астанада «President’s Cup-2018» халықаралық турнирі басталды

Астанада «President’s Cup-2018» халықаралық турнирі басталды

2018 жылдың 18-22 шілдесі аралығында Астанада үлкен теннистен ATP Challenger және ITF Women’s сериялары аясында «Президент Кубогы - 2018» Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span>

Жарыстың жүлде қоры – 205 000 АҚШ доллары. 

Турнирге әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге дуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында әлемдік рейтингте ТОП-100 қатарына енетін теннисшілер де барт. 

Президент Кубогына қатысатын қазақстандық теннисшілер қатарында Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Деннис  Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құламбаевалар бар. 

Президент Кубогы – 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келе жатқан кәсіби спортшылар арасындағы ірі теннис турнирлерінің бірі. 

Осы уақыт аралығында балаларға арналған «Astana Masters 12& under President’s Cup» және әуесқойлар бақ сынайтын «President’sCup-2018» турнирі өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или