Виктория Зякбина Швейцариядағы додада бақ сынайды
<span>Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі алматылық Виктория Зякбина 18 шілде күні Швейцариядағы халықаралық «Гала деи Кастелли» (Gala dei Castelli) жарысына қатысады, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.</span>
Бұл дода Швейцарияның Беллинцоне қаласында өтеді. Жалпы, жарыс бағдарламасына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілген. Жерлесіміз Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден өнер көрсетеді. Спортшының барлық шығынын «Altay Atletics» клубы көтереді.
Зябкина осының алдында мамыр және маусым айларында бірнеше халықаралық жарыстарға қатысқан. Латвия, Грекия, Швейцариядағы халықаралық турнирлерде 100 және 200 метрге жүгіруден бақ сынаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или