Пакмэн шаршы алаңға жеңіспен оралды

Пакмэн шаршы алаңға жеңіспен оралды

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо жартылай орта салмақта WBA (regular) чемпиондық титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

<span>Куала-Лумпурде өткен жекпе-жекте филиппиндік боксшы қарсыласы аргентиналық Лукас Матиссенді жетінші раундта техникалық нокаутқа түсірді. Осылайша, Пакьяо бір жылдық үзілістен соң шаршы алаңға жеңіспен оралды.</span>

<span>39 жастағы боксшы мансабындағы 60-шы кездесуін өткізді. Оның жетуінде жеңілісіп тауып, екеуінде тең түскен. Сондай-ақ, ПакМэн 2009 жылдан бері жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.</span>

<span>Ал Лукас Маттиссе болса бесінші жеңілісіне ұшырады. Ол мансабында 39 жекпе-жегінде ұтқан.</span>

<span>Жекпе-жектің видеосын мына сілтеме арқылы көре аласыз.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или