Джо Сондерс чемпиондық белбеуін қорғауға келісім берді
Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, британиялық Билли Джо Сондерс америкалық Деметриус Андрэйдтен титулын қорғап, жекпе-жек өткізуге келісім берді.
<span>Жуырда WBO Сондерс пен Андрэйдке жекпе-жек туралы келісімге келу үшін 10 күн мерзім берген болатын. Егер боксшылар келісімге келе алмаса, жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылуға тиіс-тін. Бұдан бөлек, WBO ең төменгі мөлшерлемені 200 мың доллар деп белгіледі.</span>
<span>«Андрэйдпен қыркүйекте кездесуге дайынмын. Менің менеджментім мен промоутер Фрэнк Уоррен осы жекпе-жекті ұйымдастыратынына сенімдімін. #алкеттік», - деп жазды ол Туиттерге.</span>
<span>Бұрын Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварестен кейінгі қарсылас британиялық Сондерс болуы мүмкін екенін айтқан болатын.</span>