Жеңіл атлетика

Қазақстандық жеңіл атлет допингпен ұсталды

Қазақстандық жеңіл атлет допингпен ұсталды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық допингке қарсы орталық спорттан уақытша шеттетілген қазақстандық спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш тізімде Риода өткен 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова бар. Ол олимп ойындарында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен.

27 жастағы спортшының қанынан тыйым салынған «метастерон» табылған. Ережеге сәйкес ол 2022 жылдың 14 маусымына дейін 4 жыл уақытта үлкен спорттан шеттетілді.

Айта кетейік, Юлия Рахманова 2015 жылы Кванджуда өткен Дүниежүзілік Универсиаданың алтын жүлдегері. Сондай-ақ сол жылы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы сапында қола медальді ұтып алған.

Спортшы қыз бұған дейін ашық фотосессия ұйымдастырып, елдің сөзіне қалған болатын.

Қанынан тыйым салынған дәрумендер табылған өзге де спортшылардың тізімімен мына сілтеме бойынша таныса аласыз.

Фото: Vesti.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер