Ирина Эктова Қазақстан Кубогында топ жарды

Ирина Эктова Қазақстан Кубогында топ жарды

Қазақстан кубогының финалдық кезеңінде үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы сайыста тағы да бәсекелестік Ирина Эктова мен Мария Овчинникова арасында өрбіді, деп хабарлайды Prosports.kz жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теміртаулық Мария Овчинникова былтырғы маусымның ашылуы болған еді. Үндістанда өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті, басқа да жарыстарда өзің жақсынан көрсетті. Ал биыл әзірге спорттық бабына толық еніп үлгерген жоқ.

Есесіне, Ирина Эктова 2018 жылды жоғары қарқында бастады. Ақпан айында жабық кешендегі Азия чемпионатында топ жарды. Ғұсман Қосанов Мемориалында көптен бері 14.07 метрге алғаш рет секірді. Соның арқасында Эктова Ольга Рыпаковамен бірге Азия ойындарында бақ сынайды.

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы алғашқы мүмкіндігінде бірден 13.60 метрге секірді. Овчинникова биыл ондай алысқа секірмеген. Оның үстіне біріншісі заступ болып есепке алынған жоқ. Айтпақшы, екеуі алты рет секіргенімен,оның екеуі ғана есептелді.

Эктова 13.60 метрмен жеңіске жетсе, Овчинникова 13.04 метрмен күміс жүлдеге ие болды. Үштікте Лаура Ахметова бар.

10 шілде. Қазақстан кубогының финалдық кезеңі . Алматы. Үш қарғып секіру.

Әйелдер:

1. Ирина Эктова (СҚО) – 13.60 метр;

2. Мария Овчинникова (Қарағанды обл) –13.04;

3. Лаура Ахметова (Алматы) –12.50.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или