Головкин әлемдегі ең көп ақы төленетін боксшылар рейтингінде екінші орында
Forbes журналы боксшылардың «қаржылық» рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Онда WBA, Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) екінші орынды сақтап қалды.
«Головкиннің «Канеломен айқасы өткен жағдайда оған 1 миллионның орнына 20 миллион доллар табыс әкелген болар еді. Дегенмен жаңа рематч 15 қыркүйекте өтетін болды», деп жазады басылым. Ал өткен нұсқада Головкиннің қарсыласы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) үшінші орында еді. Дегенмен бұл жолы редакция оны Головкинмен теңестіріп, екінші орынға қойып отыр. «Біз тізімде «Канелоны» жоғары жылжыттық. Өйткені ол Головкинмен айқасында бәрібір көбірек табыс табады»,-деген дәлел келтіреді Forbes.
Forbes рейтінгінің толық тізімі төмендегідей:
1. Энтони Джошуа (бұрынғы позициясы - 1)
2. Геннадий Головкин (2)
2. Сауль Альварес (3)
4. Василий Ломаченко (4)
5. Теренс Кроуфорд (7)
6. Эррол Спенс (6)
7. Деонтей Уайлдер (5)
8. Сергей Ковалев (8)
9. Дэниэл Джейкобс (9)
10. Майки Гарсия (10)