Азия ойындарында Қазақстан туын Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады

Азия ойындарында Қазақстан туын Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады

21 жастағы отандық боксшы Әбілхан Аманқұл 18 тамыз күні Джакартада (Индонезия) өтетін XVIII жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

- Маған Ұлттық Олимпиадалық комитеттен бүгін ғана қоңырау шалды. Осыған дейін байрақты көтеріп шығуға үміткерлер қатарында екенімді де білген жоқпын. Әрине, кез келген спортшы үшін бұл үлкен бақыт! Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын маған сеніп тапсырғаны үшін қуаныштымын. Жарыс кезінде біздің көк туымыз сан мәрте көкте желбірейтініне де сенімдімін. Барлық спортшылар жылдың басты додасына қарқынды дайындалып жатыр. Жақсы нәтиже көрсетіп, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамын, - дейді бұл күндері Алматы облысындағы Бүкіләлемдік бокс Академиясында ұлттық құрамамен бірге жаттығу жиындарында жүрген Әбілхан Аманқұл.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Қазақстан құрамасының атлеттері 25 олимпиадалық спорт түріндегі 38 спорттық дисциплинадан сынға түспек.  Олимпиадалық спорт түрлерінен 419 спортшы жарыс жолына шығады деп күтілуде.

Азия ойындарында жалпы есебі 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 332 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін таппақ.

Анықтама:

Әбілхан Аманқұл 1997 жылдың 29 шілдесінде Жамбыл облысында дүниеге келген. Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Қазақстан Республикасының спорт шебері. 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Гамбург, Германия). 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жасөспірімдер арасындағы бірнеше турнирлердің чемпионы, Қазақстан чемпионы (2016), Германияда өткен халықаралық Галле турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері (2017).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или