Элина Михина 100 метрге жүгіруден жеңіске жетті
Алматыда Қазақстан кубогының үшінші кезеңінде күтпеген жерден 100 метрге жүгіруден әйелдер арасына Элина Михина жеңіске жетті, деп жазады жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.
Риддер қаласының тумасы негізінен орта қашықтыққа яғни 400 метрге жүгіруге бейімделген. Құрлықтық додалардағы жүлдесін де осы қашықтықта еншілеп жүр.
Финалдық кезеңге еліміздің үздік спринтерлерінің көбісі қатысты. Тек Виктория Зябкина ғана болған жоқ.
Жүгіру жолағына шыққандар арасында алғашында Ольга Сафронова көш бастаған. Павлодар облысының намысын қорғап жүрген 26 жастағы спортшы былтыр аяғына ота жасатқан. Сондықтан спорттық бабына әлі толық келіп үлгермеген. Дегенмен мәреге жақындаған тұста Элина барлығынан озып кетті. Таблодағы уақыт көрсеткіші –11.58 сек.
Сафронова екінші орын алды. Үштікте жарыстан тыс біздің спортшылармен бірге жаттығып жүрген қырғызстандық Анна Буланова келді.
9 шілде. Қазақстан кубогының финалы. 100 метрге жүгіру.
Әйелдер:
1. Элина Михина (ШҚО) – 11.58 сек.<br />2. Ольга Сафронова (Павлодар обл.) – 11.77 сек.<br />3. Рима Кашафутдинова (Қарағанды обл.) – 12.35 сек.