Браденбург Кубогы 2018: Қазақ боксшылары тоғыз медаль олжалады
Франкфуртта бокстан жастар арасындағы «Браденбург Кубогы 2018» халықаралық турнирі аяқталды. Бокс додасы шілденің 3-8-і аралығында өтті, деп жазады бокс Олимпиада комитетінің ресми сайты.
Германияда өткен турнирде Қазақстан жастар құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
49 келіде Махмұд Сабырхан, 56 келіде Бейбарыс Жексен, 60 келіде Рахат Сейітжан, Талғат Шайкен (64 келі), Сағныдық Тоғамбай (81 келі), Айбек Оралбай (+91) турнир чемпиондары атанды.
69 келідегі Ермахан Жакпеков күміс жүлде иеленсе, Нұрбек Оралбай еншісінде қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан боксшылары бірінші орын иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или