Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық жеңіл атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысады

10 шілдеде Финляндияның Тампер қаласында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 1999 жылдан бері қарай туған балғын споршылар қатысады. Бұл туралы olympic.kz жазды. 

15 шілдеге дейін жалғасатын жарыста Қазақстанның намысын екі спортшы қорғайды. Олар  – Давид Ефремов пен Екатерина Шлыкова.

Тампердегі «Ратина» стадионында өтетін әлем біріншілігінде 20 жасқа дейін 1400 спортшы бақ сынайды. Олар әлемнің 150 елінен келген. Жас атлеттер бұл чемпионатқа қатысу үшін норматив орындады. Қазақстаннан қарағандылық Давид Ефремовпен алматылық Екатерина Шлыкова ғана бұл үдеден шыға алды.

110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіретін Ефремов жарыс жолына 11 шілде күні шығады. Іріктеу кезеңдері Астана уақыты 12:30-да басталады. Сол күні кешкі 19:40-та жартылай финал өтеді. Ал финал шілденің 12-сінен 13-не қараған түні сағат 00-00-ге жоспарланған.

Спорттық жүрістен бақ сынайтын Екатерина Шлыкова 14 шілде күні өнер көрсетеді. Ол 10 шақырымдық қашықтық бойынша қатысады. Басталуы – Астана уақыты бойынша 12:35.

Әлем чемпионаты өтетін «Ратина» стадионы 1965 жылы салынған. 2004 жылы қайта жөндеуден өткен. Стадионға 17 мың көрермен сияды. Әлем чемпионатында жалпы 44 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или