Головкиннің бапкері "Канеломен" атышулы кездесудің мән-жайын ашты

Головкиннің бапкері "Канеломен" атышулы кездесудің мән-жайын ашты

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG мен Сауль "Канело" Альварестің бірінші жекпе-жегінен кейін болған қызықты жайт туралы айтып берді.

"Мен оның денесіндегі ине іздерін көрдім". Головкин мәлімдеме жасады

"Өкінішке орай, төреші шешімі оқылғанға дейін Golden Boy Promotions  президенті Эрик Гомес келіп, жекпе-жектің тең аяқталғанын айтты. Төрешілер есепті жариялағанға дейін болды. Ол мұны қайдан біліп қойды деп таңғалдым. Басында қалжың шығар дедім, өйткені 12 раундтың 8-ін таза жеңдік деп санаған едім, тіпті бұрмалау болған күннің өзінде, жеті де бес есебімен жеңуге тиіс болатынбыз. Нәтижені естіп қатты қапаландық, неге бұлай болғанын түсіну қиын", — деп мойындады Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или