«Ақжайық» өз тобында көш бастады

«Ақжайық» өз тобында көш бастады
<p style="text-align: justify;"> <strong>Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың &laquo;Ақжайығы&raquo; үшінші жеңісіне қол жеткізді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Кеше Қазанда &laquo;Динамо-Қазан-2&raquo; командасымен екінші кездесуін өткізген батысқазақстандықтар бұл ойында да қарсыластарын тізе бүктірді. Есеп - 5:4. &laquo;Ақжайықтың&raquo; капитаны Ескендір Нұғманов осы жолы екі голдың авторы атанып, төрт кездесуден кейін доп санын сегізге жеткізді.</p> <p style="text-align: justify;"> Бұл мачтан кейін 9 ұпай жинаған &laquo;Ақжайық&raquo; екінші топта бірінші орынға көтерілді. Дегенмен бұл топта әлі кездесулерін өткізбеген командалар да бар. Соның бірі &laquo;Знамя-Удмуртиямен&raquo; 3-4 желтоқсанда оралдықтар сырт айдында, Воткинск қаласында күш сынасады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или