Головкиннің бапкері «Канелодан» не қалайтынын айтты
Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес 15 қыркүйек күні рингте мексикалық Сауль «Канело» Альварестен агрессия көруді қалайды.
<span>Боксшы мен оның промоутері Оскар де ла Хойя GGG-ді нокаутқа түсіруді қалайтындарын бірнеше рет мәлім еткен болатын.</span>
<span>«Мен боксшыларға үнемі нокаутқа түсіруді үйретемін, бірақ қарсылас та оны қалауы керек. Егер «Канело» Головкинді нокаутқа жіберуді қаласа, ол орнында болып, ара қашықтықты есептеуі тиіс. Сонда олар бір-біріне қарсы тұра алады. «Канело» Головкинді де нокаутқа жіберуді қалайтынын жиі айтады. Оскар да оған ашулы екенін мәлімдеді. Осының бәрі шындық болса, біз алғашқыда қалаған жекпе-жекке ие боламыз», - деді Санчес Boxingnews24.com сайтына берген сұхбатында.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или