Головкиннен тартып алынған IBF белбеуіне тартысатын жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты жарияланды

Головкиннен тартып алынған IBF белбеуіне тартысатын жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты жарияланды

Американдық боксшы Дэниел Джейкобс (34-2, 29 КО)  және украин Сергий Деревянченко (12-0, 10 КО) Головкиннен тартып алынған IBF белбеуіне тартысады, деп хабарлайды Proports.kz. 

ESPN деректері бойынша, жекпе-жек 27 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden-да өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) өзіне тиесілі IBF белбеуінен Халықаралық бокс федерациясы Деревянченкоға қарсы жекпе-жектен бас тартқаны үшін айырған болатын. GGG еншісінде WBA Super, WBC және IBO белбеулері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или