Ақтөбелік Есет Қуанов самбодан Әлем Кубогын жеңіп алды
«Дәулет» спорт кешенінде 30 маусым - 1 шілде аралығында Астананың 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін самбодан Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz
Турнирге Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тәжікстан елдерінен 300-ден астам спортшы қатысты.
Бұл турнирде самбодан Қазақстан құрамасының мүшесі, Азия чемпионы Есет Қуанов 68 кг дейінгі ерлер салмағында Әлем Кубогын жеңіп алды.
Сонымен қатар, Қазақстаннан Исатай Aсқанбай (68 кг), Шыңғыс Шокпытов (68 кг)және Әнуар Кәрібаев (52) жүлделі үшінші орындарды иемденді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или