Шүменов пен Алтункая жекпе-жек алдында көз түйістірді
WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлемнің экс-чемпионы Бейбіт Шүменов (17-2, 11 KO) пен оның түркиялық қарсыласы Хизни Алтункая (30-1, 17 КО) жекпе-жек алдында көз түйістірді.
Қазақстандық былғары қолғап шебері екі жылдық үзілістен кейінгі жекпе-жегі 7 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс Аренада» өтеді.
Шүменовтің қарсыласы Алтункая кәсіпқой рингтегі мансабын 2008 жылы бастаған. Ол мансабында 31 жекпе-жек өткізіп үлгерген. Оның отызында жеңіске жетсе, біреуінде ұтылған. Ал 17 кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.
«Мен Бейбіт секілді аса мықты қарсыласпен жұдырықтасатыныма қуаныштымын. Ерекше кездесу болайын деп тұр. Бірақ, әрине, мен чемпиондық белбеуді ұту үшін келдім. Екі ай бойы жатпай-тұрмай дайындалдым. Жаттығуымның нәтижесі оң болып, Бейбітті жығып түсіремін деген ойдамын. Намысты қолдан бермеу керек», - дейді түрік боксшысы.