Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеевтің Атлантик-Ситиде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өтетін жекпе-жегінде қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz
29 жастағы Әшкеев (9-0, 5 КО) америкалық Клеотис Педарвис (21-4-2, 9 КО) 4 тамыз күні АҚШ-тағы бокс кешінде жұдырықтасады.
Айта кетейік, аталған бокс кешінде қазақстандық тағы бір боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов та өнер көрсетеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или