Жеңіл атлеттер Жасөспірімдер Олимпиадасына үш жолдама жеңіп алды

Жеңіл атлеттер Жасөспірімдер Олимпиадасына үш жолдама жеңіп алды

4 шілде күні Бангкокте ІІІ Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама беретін Азия аймақтық іріктеу турнирі басталды деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Бірінші жарыс күнінде үш қазақстандық жеңіл атлет жолдама иегері атанды. Олар: 16 жастағы Ефим Тарасов (400 м), Анастасия Глухарева (үш қарғып секіру) және 15 жастағы Александра Залюбовская (400 м). 

Ефим Тарасов бес жолдама таратылған жарыста мәреге екінші болып жетіп, алғашқы лицензияны жеңіп алды.

Қыздарымыз тоғыз спорт түрі бойынша сынға түскенімен, жолдаманы Залюбовская мен  Глухарева иеленді.  Лицензиялық жарыс бүгін жалғасын табады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или