Александр Каспер: Азия ойындарында эстафетадан ел намысын қорғаймыз

Александр Каспер: Азия ойындарында эстафетадан ел намысын қорғаймыз

Алматыда өткен XVIII Ғұсман Қосанов Мемориалында 100 метрге ерлер арасында жүгірген спортшылардан отандастарымыз арасында ең үздік нәтижені астаналық Александр Каспер көрсетті. Ол өзінің жеке рекордын жаңартып әрі күміс жүлдеге ие болды. 

– Жүлде құтты болсын! Жеке рекордыңды жаңартамын деп ойламаған боларсың?

– Рахмет. Өте қуаныштымын. Былтырғы жылы өте ауыр жарақат алдым. Содан жарыстарға қатыса алмадым. Қазіргі кезде жарақатымнан толық айықтым. Ұзақ уақыт жарақатым жазылмай жүрді. Құдайға шүкір биыл барлығы сәтті басталып жатыр. Қосанов Мемориалында 100 метрге жүгіруден жеке рекордым жаңарттым. Өзім мұндай нәтиже күтпедім. Қалай жүгіргенімді сезбей қалдым.

– Осының алдында Бішкектегі жарыста топ жарғаныңызды білеміз?

– Қырғызстан астанасында Олимпиада чемпионы Татьяна Колпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста 100 метрді 10.82 секундта жүгіріп өтіп чемпион атанғанмын. Арада 2 апта өткенде уақыт көрсеткішімді жақсартқаныма қуаныштымын.

– Қазақстанда өзіне кімді бәсекелес санайсың?

– Бұл спринтерлік қашықтықта елімізде біраз талантты жігіттер бар. Атап айтсақ, қарағандылық Владислав Григорьев пен Вячеслав Земс, сондай-ақ Сергей Русак пен Дамил Сутжанов бар. Бүгін Григорьев фальстарт алып, финалда жүгіре алмай қалды. Бәлкім менің жолым болған шығар. Алда талай додалар бар. Сол кезде көре жатармыз.

– Қандай жоспарларың бар?

– Енді Қазақстан кубогына дайындаламыз. Одан кейін негізгі дайындық Азия ойындарына бағытталады. Мені эстафеталық құрамаға алады деп үміттенемін.

– Саша, жарыстарға Астананың атынан қатысып жүргенінді білеміз. Бірақ дайындықта Алматыда жүргізесің?

– Астананың намысын қорғаймын. Алайда жарыстарға негізінен Алматыда Любовь Никитенконың қарамағында жаттығамын.

– Жаттығу процесінде қайсысына көбірек мән бересің?

– Маған техникалық жағымнан өзімді жетілдіру қажет. Әйтпесе күш жеткілікті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или