Головкин - Альварес рематчына билеттер сатылымы ресми түрде басталды

Головкин - Альварес рематчына билеттер сатылымы ресми түрде басталды

WBA / WBC / IBO орташа салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес рематчы үшін билеттер сатылымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Билеттер бағасы 300, 500, 700, 800, 1500, 2000, 2500 және 5000 долларды құрайды.  300-ден 500 долларға дейінгі билеттер саны бір адамға екеу, ал қалған санаттарда - сегізден аспауы тиіс.

Билетке мына жерден тапсырыс бере аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварес 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді (16 қыркүйек таңертең Қазақстан тұрғындары үшін HBO PPV ақылы хабар тарату жүйесінде көрсетіледі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или