Маргарита Мұқашева екі жылғы үзілістен кейін үздік шықты

Маргарита Мұқашева екі жылғы үзілістен кейін үздік шықты

Алматыда Рим Олимпиадасының күміс жүлдегері Ғұсман Қосановты еске түсіруге арналған дәстүрлі XXVIII Мемориалда 800 метрге жүгіруден ерлер арасында Владислав Григорьев, әйелдер арасында Маргарита Мұқашева топ жарды.

800 метрге жүгіруден екі дүркін жазғы Азия ойындарының чемпионы Маргарита Мұқашева декреттік демалысқа байланысты Рио Олимпиадасының кейін спорттан уақытша алыстап қалғанын бұған дейін жазғанбыз. Бүгін араға 2 жыл салып, Қосанов Мемориалында қайта жеңіске жетіп отыр. Солтүстік Қазақстан тумасы аталған қашықтықты 2:06.02 минутта жүгіріп өтті. Екінші орынға қарағандылық Варвара Лисичкина ие болса, үштікте керекулік Евгения Фандющина бар.

– Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Бірақ оңайға соққан жоқ. Бапкерім Александр Дениско екеуіміз жоспарлаған тактикамызды жүзеге асыра алмадым. Тағы 1-2 секундқа жылдам жүгіруге болар еді. Әсіресе, басында баяу қимылдап қалдым. Оның үстіне күннің ыстығы да әсер етті. Енді, әріқарай жұмыс істейміз. Қателіктен сабақ шығарып, Азия ойындарына дайындаламын, – деді Маргарита Мұқашева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или