Головкин "Канелоға" қарсы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Головкин "Канелоға" қарсы жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBC/WBA/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин "Канелоға" қарсы өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты.

- Келісім аяқталып, қарымта жекпе-жек өтетініне қуаныштымын. Абель Санчеспен Биг Бэардағы жұмысқа оралуға дайынмын. Бұл бокстағы ең үлкен жекпе-жек, барлығы тағатсыздана күтіп жүр. Бұл айқаста ең үздігі анықталады. Бұл бокс тарихы үшін қажет. Мексика тәуелсіздігі күні титулдарымды қорғайтыныма қуаныштымын. "Канело" рингке соңғы болып шығуы, соңғы болып таныстырылуы мүмкін. Бірақ, шаршы алаңнан кімнің соңғы болып кететіні маңызды, ол әлем және халық чемпионы ретінде мен боламын. Big drama show-да көріскенше", — деп келтірді Геннадийдің сөзін ESPN. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или