Леффлер Головкиннің жанкүйерлерге деген көзқарасы туралы айтты

Леффлер Головкиннің жанкүйерлерге деген көзқарасы туралы айтты

WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының жанкүйерлерге деген көзқарасы туралы және оның стилі туралы айтып берді.

«Геннадий өзінің стилін сипаттап беруді сұраған бұрынғы сұхбаттарының бірінде: “Мексикалық стиль. Мені Абел Санчес үйреткен” деген болатын. Содан бері жанкүйерлер оны жақсы көре бастады. Ол кез келген аренаны толтыра алады. Оның жекпе-жектерінің де бағасы әділ, жанкүйерлер оны жақсы көреді. Ал, ол рингке шыққанда жанкүйерлерге деген құрметін көрсету үшін олардың жанынан жүріп өтуге тырысады», – деді Леффлер.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтеді. Бұған дейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің Сауль Альвареске деген қарым-қатынасының қаншалықты өзгергенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или