Елбасы Головкинге Қазақстанда жекпе-жек өткізуге қол ұшын беретінін айтты

Елбасы Головкинге Қазақстанда жекпе-жек өткізуге қол ұшын беретінін айтты

Мемлекет басшысы бокстан WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Саған жеңіліс таппаған ең үздік нокаутер боксшы деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, қыркүйек айында өтетін жекпе-жекке барша қазақстандықтардың атынан сәттілік тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или