ҚР Ауыр атлетика федерациясына жаңа президент сайланды

ҚР Ауыр атлетика федерациясына жаңа президент сайланды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Астанада ҚР Ауыр атлетика Федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, жаңа президент сайланды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Қайрат Тұрлыхановтың орнын ауыстырған Жанат Түсіпбеков федерация жетекшісі болды.</p> <p style="text-align: justify;"> Түсіпбеков Жанат Рашидұлы 1977 жылы 6 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін, 2007 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ экономика факультетін тәмамдаған. Бірнеше жыл бойы ол &laquo;ҚазМұнайГаз&raquo; Сауда үйі&raquo; АҚ атқарушы дирекоры, бас директордың орынбасары, &laquo;ҚазМұнайГаз Өнімдері&raquo; АҚ және &laquo;ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг&raquo; АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. Сонымен бірге Ж.Түсіпбеков 2009 жылдан бері Қарағанды облыстық бокс федерациясын басқарып келеді. Қазіргі уақытта ол The Rompetrol Group-тыңбас директоры.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или