Кукушкин әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді

Кукушкин әлемнің алтыншы ракеткасын жеңді

Кеше Қазақстанның бірінші, әлемнің 90-ыншы ракеткасы Михаил Кукушкин Истбурн (Ұлыбритания) турнирінде испаниялық Давид Феррермен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы турнирдің 6-ыншы ракеткасы болып тіркелген Д.Феррер әлемдік рейтингте 38-інші орында тұр. Соған қарамастан, ойын қазақстандық теннисшінің басымдылығымен өтті. Кукушкин қарсыласын 6:2, 6:0 есебімен еркін ұтты. Кездесу барысында ол 15 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.

Қазақстандық спортшы ширек финалда рейтингте 18-інші сатыда тұрған ұлыбританиялық Кайл Эдмунд немесе оның отандасы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Энди Маррейдің біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Истбурн турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или