ФОТО. GGG-«Канело» жекпе-жегінің жеңімпазына берілетін белбеудің дизайны таңдалды

ФОТО. GGG-«Канело» жекпе-жегінің жеңімпазына берілетін белбеудің дизайны таңдалды

WBC қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына табысталатын арнайы белбеу дизайнына дауыс берудің қорытындысын шығарды, - деп хабарлайды Prosports.kz<br /><br />Жанкүйерлерге екі нұсқаның бірін таңдау ұсынылған еді. Дауыс беру қорытындысы бойынша, "ақ" белбеуді таңдағандар саны көбірек болды (54 пайыз). Жасыл белбеуді дауыс берушілердің 46 пайызы таңдаған.

<span>Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile арнеасында өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или