Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте жоғарылады

Мейірім Нұрсұлтанов әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) соңғы жекпе-жегінен кейін BoxRec.com сайтының рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz

Лос-Анджелес (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында қазақстандық боксшы мексикалық боксшы Хосуэ Обандомен (16-21-1, 12 КО) кездесті. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланды. Кездесуде Нұрсұлтанов мексикалықты техникалық нокаутпен жеңді.

Осы жеңістен кейін Мейірім Нұрсұлтанов атақты BoxRec.com сайтының рейтингінде бірден он бір сатыға жоғары өрлеп, 75-ші орынға тұрақтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или