Ресми: Быстров «Астананың» ойыншысы атанды
Ресейлік «Тамбов»<span> клубының ойыншысы Марат Быстров «Астананың» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.</span>
26 жастағы футболшы елордалық команданың сапына келесі жылы қосылады. Ол биылғы маусымның соңына қостанайлық <span>«Тобылға» жалға берілді. Қос тарап келісімшарты осылай жасалған. </span>
Айта кетейік, Марат Быстров Қазақстанның Жетіқара қаласында туған. 2016/17 жылғы маусымды ол «Тамбов» командасының сапында өткізіп, Ресей Премьер-Лигасының жолдамасы үшін күрескен.
Бұған дейін елордалық «Астана» киевтік «Динамо» футболшысымен толығуы мүмкін деген ақпарат пайда болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или