«Астана» киевтік «Динамо» футболшысымен толығуы мүмкін

«Астана» киевтік «Динамо» футболшысымен толығуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Киевтік «Динамо» мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Никита Корзун таяуда ғана украиндік жаттықтырушы Роман Григорчук басшылық еткен елордалық «Астанаға» ауысуы мүмкін.

Бұдан бұрын «Динамо» президенті Игорь Суркис Корзунның таяуда сатылатын немесе жалға берілетіндер тізімінде екендігін айтқан болатын. Өткен маусымда Корзун «Динамоның» негізгі құрамында 10 матч өткізген. Беларусь футболшысы бұл командаға 2016 жылы минскілік «Динамодан» 750 мың еуроға ауысып, қосылған.

Еске салайық, таяуда Григорчуктің басшылығымен «Астанаға» 26 жастағы қорғаушы Марат Быстров келген еді. Бүгін 20:30-да елордалық команда Алматыда «Қайратқа» қарсы Қазақстан премьер-лигасының маңызды матчын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер