Головкин Канеломен үзілген достығы жайында

Головкин Канеломен үзілген достығы жайында

<span>Орта салмақта WBС, WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин K.O. Artist Sports басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен достығы не себепті үзілгенін айтты.  </span>

<span>Сұхбат кезінде қазақстандық боксшыға: "бір кездері "Канеломен" дос болып, Big Bear лагерінде бірге жаттықансыздар. Достықтарыңыз үзілді ме" деген сұрақ қойылды.   "Жақсы түсінісетін едік, бір-бірімізге адам ретінде көзқарасымыз жақсы болатын. Өткен жайттардан кейін... Осы кезде болып жатқанның барлығы - өзін қалай ұстайтыны, адамның жеке басына көшуі, бұл оған жараспайды. Өзін осындай жағдайға қойып отырған адаммен қалай санасасың?" - дейді Головкин.  </span>

<span>Еске салайық, былтыр қыркүйекте Альварес пен Головкин Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасқан. 12 раундақа созылған жекпе-жек тең аяқталған еді. Боксшылар биыл 15 қыркүйекте жекпе-жек өткізуге әрең келісті. Бұл жекпе-жек те аталған орында өтеді және HBO арнасы қарымтаны ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или