Головкин «Канеломен» екінші жекпе-жегінде стилін өзгертуі мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес өзінің шәкіртінің алдағы мексикалық Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінде бокстасу стиліне өзгерістер енуі мүмкін екендігі туралы айтты.
<span>«Хулио Сесар Чавес бір стильмен жүзден аса жекпе-жек өткізді және ол ең мықты мексикалық боксшы. Головкин алдағы жекпе-жекте бірден шабуылға шығып, қарсыласын нокаутқа түсіру жолын ұсынбақ. Біз тағы да бірінші жекпе-жектегі сияқты жеңіске жететін боламыз», - деді Санчес.</span>
<span>«Канело» мен GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.</span>
<span>Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.</span>