IBF чемпионы: Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды
<span>Жартылай орта салмақта IBF чемпионы Эррол Спенс (24-0, 21 КО) отандасы Джермалл Чарлоның (27-0, 21 КО) орта дивизиондағы ең басты тұлғаға айналарына сенімді. </span>
<span>Спенстің ойынша, Чарло қазірдің өзінде қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңе алады. </span>
<span>- Айтып тұрмын ғой, Джермалл Головкинді де, Альваресті де сабайды. Головкин аяқ-асты Чарломен жұдырықтасуға келіскенін естісем, таңданар едім. Бірақ ол жігітке мүмкіндік берсе, GGG мен «Канелоны» да сабар еді. Оған бәс тігуге дайынмын, - дейді Сленс. </span>
<span>Еске салайық, Чарло WBC тұжырымы бойынша уақтыша чемпион және Головкинмен жұдырықтасуға үміткерлердің бірі. Ал жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін «Канеломен» жекпе-жекке дайындыққа кіріседі.</span>