Арландарымыз Петербордан жеңіспен оралды

Арландарымыз Петербордан жеңіспен оралды

«Астана арландары» WSB додасының төртінші маусымындағы екінші кездесуінде тағы да жеңіске жетті. Петербор қаласында «Ресей құрамасына» қарсы өткен матчта боксшыларымыз 3:2 есебімен басым түсті.

Алдымен 52 келіде Миша Алоян мен Олжас Сәттібаев шаршы алаңға шықты. Үш раунд бойы Олжас қарсыласына соққы жасауға тырысқанымен Алоян тәжірибесінің арқасында қарсыласынан басым екендігін дәлелдеді. Артынша, 60 келіде команда капитаны Самат Бәшенов Адлан Абдурашитовты жеңді – 2:1 (48:47, 48:47, 47:48). 69 келіде Мейірім Нұрсұлтанов Александр Ивановты сабады – 3:0 (49:45, 49:46, 50:45). 75 келідегі боксшымыз Данабек Сужанов Дмитрий Биволдан техникалық нокаутпен ұтылды. Есеп — 2:2.
Ал соңғы шешуші кездесуде аса ауыр салмақтағы хорватиялық легионер Филипп Хркович ресейлік Сергей Кузьминнен басым түсті – 3:0 (49:46, 48:47, 49:46). Естеріңізде болса, «Арландар» алғашқы кездесуде Алматыда «Баку оттарын» жеңген еді. «Арландар» енді 9 желтоқсанда Мексика боксшыларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или