Том Леффлер: Головкин Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлауда

Том Леффлер: Головкин Сондерспен жұдырықтасуды жоспарлауда

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері boxingscene басылымына берген сұхбатында Альвареспен екінші кездесудің келіссөздері қалай жүргендігі жайлы және Головкиннің келесі қарсыласы кім болатындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Том Леффлердің сөзінше олардың командасы әлі де мексикалықтан күдіктенеді.

«GGG Альварестің  шеберлігін мойындайды. Алайда оны кей кездері «Канело бірінші кездесуде таза болды ма ?» деген сұрақ мазалайтыны анық. Ол Чавеспен болған кездесумен салыстырғанда өзге болды. Альварес бұл сұрақтарға жауап беруі тиіс», -дейді  Леффлер.

«Канело алда болатын кездесуде ақша жоғалтқысы келмейді. Бұл кездесу оған ең қомақты қаржы алып келетін кездесу болмақ. Ол Головкинмен болған бірінші кездесуден де мол қаржы алады. Келісімге қол қойылып,  VADA тексерісінен өтіп болғаннан кейінгі олардың әрекетін байқап көреміз».

Сондай ақ Том Леффлер Головкин жалпы табыстың 45 пайызын алатындығын растады.

«Бұған дейін айтып өткенімдей келіссөз барысында айтарлықтай өзгеріс орын алған жоқ. Головкин Альварестің командасына нені қалайтынын ашық айтты. Дегенмен ол бастапқы елу пайыздан аздап шегінді. Көпшіліктің пікірінше бірінші кездесуде Головкин жеңіске жетті. Сонымен бірге аталған кездесуде барлық допинг сынамадан сәтті өткен Головкин болатын».

 

Леффлер Альвареспен болатын екінші жекпе-жектің келіссөзі туралы да айтты:

«Екі жақ бір ымыраға келе алмады. Алайда бізде Сондерстің командасымен келісім бар еді.  Фрэнк Уоррен  Лос-Анджелеста 25-тамызда кездесуге келіскен. Барлығы дайын еді. Кейін Эрик Гомес Альварес Дэниель Джейкобспен кездесу өткізгісі келетіндігін айтты. Бір сағат уақыт қалғанда ол маған хабарласып біздің ұсынысты қабылдайтынын жеткізді. Енді Альваресті жеңген соң Сондерспен кездесу өткіземіз деген үміттемін.», - деп қортындылады  Леффлер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или