Бокстан ел чемпионаты басталды

Бокстан ел чемпионаты басталды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Атырау қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Алматыда аяқталған әлем чемпионатының жүлдегерлері Атыраудағы додаға қатыспайды. Ұлттық құраманың жаттықтырушылар кеңесі осылай шешіпті. Бұдан жарыс қызығы артпаса, кем түспейтіні сөзсіз. Өйткені бас команда есігі талантты жастар үшін қашанда ашық. Оның үстіне чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құраманың негізі жасақталатын болады. Былтыр командалық есепте астаналық боксшылар топ жарса, екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстау облыстары бөліскен еді. Ұзын-саны 200 ге жуық үміткерлер бас қосқан ел біріншілігінің ақтық бәсекелері 28-ші қарашада өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или